Сумен қамту
«СПМНУ ЖШС Сізге сумен қамту және өрт сөндіру жүйесі бойынша ең тиімді шешімдерді ұсынады. Біздің тәжірибелі мамандарымыз қажетті жабдықтарды таңдап, объектіге дейін жеткізіп, монтаждау және іске қосып, реттеу жұмыстарын орындап береді. Сонымен қатар күрделі құрылғылардың үздіксіз және бірқалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшінсервистік қызмет атқарамыз.»
Ғимараттарды сумен қамту жүйелерінің жіктелуі:
Ғимаратты немесе бөлек объектіні сумен қамту дегеніміз сыртқы су құбырларынан суды алып, оны қысым арқылы ғимарат ішіндегі су тарату құрылғыларына жеткізетін құралдардың жиынтығы. Әдетте ішкі су құбыры деп аталатын салқын сумен қамту жүйесі келесі құрылғылардан тұрады: кірме (бір немесе бірнеше), су өлшеу торабы (бір немесе бірнеше), су тораптарының желісі, таратқыш су құбырлары, су тарату құрылғыларына жеткізушілер, арматуралар. Кейбір жағдайларда жүйеге қысымды күшейтетін және суды қосымша тазартатын (суды жұмсарту, түссіздендіру, темірден тазарту және т.б.) құрылғыларды жалғайды.
Ғимаратты сумен қамту жүйесі елді мекендегі орталық сумен қамту жүйесіне жалғануы мүмкін немесе жергілікті су көздерінен (жер асты немесе беткі су көздерінен) су алу жабдықтарынан құралуы мүмкін.
Тағайындалуы бойынша сумен қамту жүйелері шаруашылық-ауыз сумен қамту, өндірістік және өрт сөндіру жүйелері болып бөлінеді.
Шаруашылық-ауыз сумен қамту жүйелері СанПиН 2.1.4.559-96 «Ауыз су. Орталық шаруашылық –ауыз сумен қамту жүйелеріндегі судың сапасына қойылатын талаптар. Сапаны бақылау» талаптарына сай келетін, суды ішуге жарамды қылып өңдеу үшін, тамақ әзірлеу үшін және санитарлы-гигиеналық шараларға қолдану үшін суды өңдеп, жеткізетін жүйелер.
Өндірістік сумен қамту жүйелері түрлі тұтынушылардың технологиялық қажеттіліктеріне әр түрлі сападағы суды өңдеп, жеткізуді жүзеге асырады.
Өрт сөндіру жүйесі отты сөндіру немесе өрттің таралуының алдын алу үшін арналған жүйе. Өрт сөндіру жүйесінің құбырларында әдетте ауыз судан гөрі техникалық су жүреді.
Жоғарыдағы жүйелерге қызмет көресту (күтім) аясы біріктірілген (шаруашылық-өрт сөндіру, өндірістік-өрт сөндіру, шаруашылық-өндірістік) немесе бөлек болуы мүмкін. Шаруашылық-ауыз су, өрт сөндіру және өндірістік сумен қамту жүйелеріне бір уақытта су жеткізіп тұратын ішкі су құбырлары біркелкі су құбырлары деп аталады. Техникалық су мен шаруашылық-ауыз су құбырларын біріктіруге болмайды.
Суды пайдалану әдісі бойынша жүйелер тікағысты, айналымды және суды қайта пайдалану жүйелері болып бөлінеді. Соңғы кездері өндірістік сумен қамту жүйелерінде айналымды және суды қайта пайдалану әдістері жиірек қолданылады.
Сумен қамту жүйесін таңдаған кезде объектінің қызмет ету мақсатына қарай, технологиялық, өрт сөндіру және санитарлы-гигиеналық ерекшеліктеріне қойылатын талаптарды және техникалық-экономикалық есепті ескерген жөн. Мәселен, тұрғын үй және әлеуметтік ғимараттар ауыз суды жеткізетін, біріктірілген шаруашылық-өрт сондіру құбырларымен жабдықтандырылады. Бір сападағы суды ортақ қысыммен жеткізетін әр түрлі жүйелерді біріктіру құрылыстық және тұтыну шығындарын азайтуға көмектеседі.
Ішкі су құбырының дұрыс жұмыс жасауы үшін ғимаратқа кірер жерінде қажетті, яғни судың нормативті шығынын, сонымен қатар ғимараттың ең жоғарғы және ең алыс нүктесіндегі су бөлгіш құбырларға суды жеткізу үшін жолындағы кедергілерден өту кезіндегі қысым күшінің шығынын да өтейтін су тегеурінін қамтамасыз ету керек. Сыртқы су құбырының кірмеге жалғанатын бөлігіндегі су қысымы ішкі құбырларға қажетті қысымнан артық, кем немесе тең болуы мүмкін.
Тұрғын үйлерге қажетті су қысымы шамамен төмендегі формула бойынша есептеледі:
Нтр = 10 + 4(n-1), бұл жердегі 10 саны – бірінші қабаттағы су қысымының азаю мөлшері, 4 – әрбір келесі қабаттардағы су қысымының азаю мөлшері, n – қабат саны.
Сыртқы су құбырларының кірмеге жалғанар жеріндегі (құбыр жанындағы немесе жер бетіндегі) минималды қысымы кепілдік қысымы деп аталады. Кепілдік қысымы 10 м су бағанасынан кем болмауы керек.
Сыртқы су құбырларында су қысымы ғимаратқа қажетті деңгейден ауыспалы немесе тұрақты түрде төмен болған жағдайда қысымды арттыратын қондырғылар қолданылады: сорғылар (тұрақты немесе ауыспалы түрде жұмыс жасайтын), суайдағыш бактар немесе пневматикалық қондырғылар.
Су қысымымен қамтамасыздандырылу және қондырылған құрылғыларға байланысты сумен қамту жүйесі келесі түрлерге бөлінеді:
- Сыртқы су құбырының қысымы арқылы жұмыс жасайтын жүйе. Бұл жүйе сыртқы су құбырының кірмеге жалғанатын жеріндегі қысымының ғимараттағы барлық су тарату құрылғыларының дұрыс қызмет етуіне қажетті қысымнан тұрақты түрде артық немесе тең болған жағдайда қолданылады. Бұндай жүйе ең қарапайым, кең таралған және биіктігі 5-6 қабатқа дейінгі ғимараттарға қолдануға жарамды;
- Көтергіш қондырғысыз, суайдағыш багы бар жүйе. Бұндай жүйе тәуліктің кейбір сағаттарында сыртқы су құбырының кірмеге жалғанатын жеріндегі қысымының ғимараттағы барлық су тарату құрылғыларының дұрыс қызмет етуіне қажетті қысымнан төмен болып, ал тәуліктің басқа уақыттарында артық болған жағдайда қолданылады. Қысымның төмен болған кезінде тұтынушылар суайдағыш бактарда қысым деңгейінің артық болғанда жиналған сумен қамтамасыздандырылады. Бұндай жүйенің кемшілігі: пайдаланылатын ең биік қабаттан жоғары және бір техникалық қабат құрастырудың қажеттілігі.
- Суайдағыш баксыз, көтергіш сорғы қондырғысы бар жүйе. Бұндай жүйені ғимараттағы су тұтыну режимі біркелкі болғанда және сыртқы су құбырының кірмеге жалғанатын жеріндегі қысымының ғимараттағы барлық су тарату құрылғыларының дұрыс қызмет етуіне қажетті қысымнан тұрақты немесе ауыспалы түрде кем болған жағдайда қолданылады. Жеке үй салған кезде көтергіш сорғыны әдетте жертөледе қондырады, ал қаланың шағынауданын салған кезде көтергіш сорғыны орталық жылу пунктіне жалғайды;
- Суайдағыш бак пен көтергіш сорғы қондырғысы бар жүйе. Бұндай жүйені кепілдік қысымы төмен жағдайда, сыртқы су құбырындағы су қысымы аз болғанда және ғимараттағы су тұтыну режимі біркелкі болмаған жағдайда қолданады. Артық суды өзіне жинайтын және желінің жұмыс кезіндегі судың жетіспеушілігін өтеп отыратын суайдағыш бакты жүйеге көтергіш сорғының үнемділігін арттыратын реттеуіш қойма ретінде жалғайды. Жүйеде бак болған жағдайда сорғыны әдетте автоматтандырады.
Кейбір жағдайларда суайдағыш бактың орнына арнайы жабдықталған (компрессор, клапан, монометрлермен және т.б.) су және ауа бактарынан немесе бір су-ауа багынан тұратын пневматикалық қондырғылар қосылады. Бұндай жүйе пневматикалық қондырғы және көтергіш сорғысы бар жүйе деп аталады.
Компрессордың үнемі жұмысын қажет етпейтін гидропневмобагы мен көтергіш насосы бар жүйе ең жетілген жүйе болып табылады. Автоматикалық сорғы қондырғылар құрамына кіретін гидропневмобак насостың қосылу санын қысқартып және су қорымен қамтамасыздандыра отырып, жүйенің үнемділігін арттырады. Бұндай жүйелер дербес сумен қамту жүйесі бар тұрғын үйлер мен жеке меншік үйлерде қолданылады.