Құрастыру жұмыстары
СПМНУ мекемесі өз тұтынушыларына сапалы жабдық ұсынумен қатар, сол жабдықтарды құрастыру жұмыстарын да жүргізеді. Монтаждау жұмысының сапасы көбіне маман мен жұмыстың орындалу барысына байланысты болған соң, біздің білікті де тәжірибелі мамандарымыздың тиісті жұмысты уақытылы, барлық талаптарға сай және жоғары сапада орындап беретіндеріне біз сенімдіміз.
СПМНУ ЖШС келесі жүйелердің құрастыру жұмыстарын іске асырады:
- Қазандық құрылғыларының;
- Жылу тораптарының;
- Салқындату және желдету жүйелерінің;
- Сорғы станцияларының (сумен жабдықтау, өрт сөндіру, су тарту жүйелері);
- Жылумен қамтамасыз ету мен жылыту жүйелерінің;
- Газбен жабдықтау жүйелерінің;
- Сумен жабдықтау жүйелерінің.