Сумен қамту және өрт сөндіру сорғы станциялары
Сорғы станциялары кез келген су көзінен су тарту үшін және су қамту жүйесінің үзіліссіз қызмет етіп тұруын қамтамасыздандырып тұру үшін арналған. Ол қалалық су жеткізу желісінен және жинақтаушы бактан су қысымын көбейту арқылы су айдау үшін де пайдаланылады. Сорғы станциялары бір-бірінен қуат деңгейімен ерекшеленеді және өндірістік салада да, тұрмыстық жағдайда да пайдаланылады.
Сорғы станциясы – жүйеде қажетті қысымды автоматты түрде қалыпты ұстап тұратын құрылғы. Сорғы станциясының құрамына міндетті түрде сорғы және де қосалқы құрылғылар – гидроаккумулятор мен қысым датчигі кіреді.
Сорғы станциясы тұтынуға өте ыңғайлы: қондырғаннан кейін оны үнемі қосып-сөндірудің еш қажеті жоқ. Сорғы тек гидроаккумулятордың қысымы төмендеген сәтте ғана автоматты түрде іске қосылатын болғандықтан, ол электр энергиясын үнемдейді.
Сіздің үйіңіздегі немесе кез келген басқа да объектіңіздегі сумен қамту сапасы тікелей сорғы станциясына байланысты болғандықтан, оны таңдау өте жауапты іс болып табылады.
Сорғы станциясы бүкіл жоғарыдағы талаптарға сай болу үшін, оны таңдау барысында мынадай аспектілерге көңіл бөлген дұрыс:
- Сорғы станциясының типі
- Суды қажетті мөлшерде беруі
- Резервуардың сыйымдылығы
- Бағасы
«СПМНУ ЖШС Wilo, Dab, Xylem Lowara секілді жетекші өндірушілердің тікелей жеткізушісі. Оған қоса біздің жоғары білікті мамандарымыз сізге қолайлы да талапарыңызға сай сорғы станциясын таңдауға көмектеседі.»