Желдету жүйелерінің құрылғылары
Ғимарат ішінде қажетті мөлшерде жылу мен ылғалдылық режимін сақтау өте маңызды. Желдету мен салқындату жүйелеріне қойылатын талаптарға құрылыс-монтаждық және архитектуралық параметрлер де кіреді. Құрылғының массасы төмен бола тұра оның ауқымының үлкен болуы шарт, сонымен қатар ол ғимараттың ішкі көрінісіне сай келіп, оңай құрастырылуы керек. Оның түтін мен өрттің жүйе ішіне таралуын алдын алатын құрылғысы болғаны да абзал.
Арнайы камералардың ішінде орналасқан желдету жүйесінің құрылғыларын ғимарат ішіндегі ауаны тазартумен қатар, жылыту немесе салқындату, ылғалдату немесе құрғату режимдеріне сай өңдейді.