Желдету жүйелері
«СПМНУ ЖШС мамандары желдету жүйесінің жабдықтарын таңдап көмектесуге, қажетті есептеулерді жүргізуге, жеткізіп және құрастырып беруге, іске қосуға және сервистік қызмет атқаруға ылғи дайын. Біз өндірістік базамызда ауа арналары мен фасонды бөлшектерді жасап шығарамыз.»
Вентиляция (лат. ventilatio – «желдету») – адамдарға қолайлы ауа жағдайын (ауа құрамы, температурасы, ылғалдығы т.б. арқылы) қамтамасыз ететін ғимараттардағы реттелген ауа алмастыру және сондай ауа алмастыруды қамтамасыз ететін құрылғылар мен жабдықтар жиынтығы.
Желдету не үшін қажет?
Бірінші кезекте желдету ауа құрамының дұрыс болуын қамтамасыз етеді. Адамдар өмір сүру барысында оттегін пайдаланып, көмірқышқыл газын бөледі. Денсаулыққа тиімді ауа құрамында оттегі мөлшері 21%-дан жоғары болуы керек, оттегі мөлшерінің одан аз болуы бас ауру, тыншу, әлсізденуге алып келеді. Оттегінің әрдайым жетіспеушілігі адам денсаулығына кері әсерін тигізеді және еңбекке қабілеттілікті төмендетіп, қартаю үдерісін жылдамдатады. Сонымен қатар жабық бөлмелерде ауа ластаушы бөлшектер: құрамында асбест бар құрылыс материалдары, ағаш-жаңқалы тақталардан жасалған жиһаздар, тұрмыстық химия және газ тақталарының бөлшектері жиналады. Зиянды бөлшектердің шоғырлануы мен оттегі мөлшерінің едәуір төмендеуінің алдын алу үшін бөлмедегі ауа сағатына кем дегенде бір рет ауысып тұруы керек (1 сағаттағы ауа алмасу реттілігі 1-ге тең).
Арнайы функциялы кабинеттерде ауа алмасу реттілігінің жоғары болуы керек. Мәселен, ас үйлерде ауа алмасу реттілігінің 3-тен кем болмауы керек, ал шылым тартатын орындарда тіпті 10-нан астам болуы шарт.
Заманауи желдету жүйелері ауаны алмастырып қана қоймай, сонымен қатар оны сүзіп, тазартады, ылғалдайды, жылытады немесе салқындатады. Солайша олар бөлме ішіндегі адамға қолайлы жағдай жасайды.
Желдету жүйелерінің жіктемесі
Желдету жүйелері келесі негізг белгілері арқылы жіктеледі::
- Ауаның орын алмасу тәсілі арқылы – табиғи және жасанды (механикалық) жүйе;
- Тағайындалуы арқылы – ағындық немесе ауа тартқыш жүйелер;
- Қызмет ету ауданы арқылы – жергілікті немесе жалпыалмасымды;
- Конструктивті орындалуы арқылы – құрама немесе бірблокты.