Газбен қамту
СПМНУ ЖШС ішкі және сыртқы газбен қамту жүйелерін монтаждау жұмыстарын ұсынады. Магистральды газ құбырлары, үй ішін газбен қамту желілері, қазандықтарды және өндірістік цехтерді газбен қамту жұмыстары.
СПМНУ мекемесінің барлық мамандары аса білікті. Барлық қажетті құжаттар бар (лицензия, сертификат, рұқсатнамалар). Сонымен қатар біздің мекеменің түрлі күрделі объектілермен жұмыс жасау саласында тәжірибеміз мол.
Одан басқа СПМНУ ЖШС тұтынушыларына келесі газ құрылғыларын ұсынады:
ГРП (газ реттеу пунктілері), БГРП (блокты газ реттеу пунктілері), газды есептеу жүйелері, газ арматуралары және т.б.
Газ құбырлары келесі дей болып жіктеледі:
• Магистральды газ құбырлары – газды алыс қашықтыққа тасымалдауға арналған. Магистральдың берілген аралығында құбыр бойындағы газ қысымын біркелкі ұстап отыратын газ тығыздау станциялары орналастырылады. Магистральдың соңғы пунктында газдың қысымын тұтынушыларды қамтуға қажетті деңгейге дейін басатын газ тарату станциялары орналасады.
• Газ таратқыш тораптың құбырлары – таратқыш станциялардан газды тұтынушыларға жеткізуге арналған.
Магистральдағы қысым бойынша жіктелу:
• Магистральды :
o Бірінші класстық – жұмыс қысымы 2,5 – 10 (қоса алғанда) МПа жоғары;
o Екінші класстық – жұмыс қысымы 1,2 – 2,5 (қоса алғанда) МПа жоғары;
• Таратқыш:
o Төмен қысымды – 0,005 МПа дейін;
o Орта қысымды – 0,005 – 0,3 МПа аралығында;
o Жоғары қысымды :
1 категория – 0,6 – 1,2 МПа аралығында (СКГ үшін 1,6 МПа дейін);
1а категория – 1,2 МПа-дан жоғары;
2 категория – 0,2 – 0,6 МПа аралығында.