Ауа баптау
«СПМНУ ЖШС ең заманауи және қуат үнемдейтін құрылғылар арқылы сіздің объектіңізді кондиционерлеу бойынша шешімдер ұсынады. Біз объектінің қажеттілігін ескере отырып, ең ұтымды шешім тауып, сіздің объектіңізде қазіргі таңдағы талаптарға сай қолайлы ахуал және температуралық жағдай жасау үшін барлық қажетті жұмыстарды атқарамыз.»
Ауа баптау – жабық ғимараттағы адамдардың хал-жағдайына жағымды жағдай жасау мақсатында немесе технологиялық үрдістердің жақсы климаттық жағдайда өтулері мақсатында автоматты түрде барлық ауа параметрлерін (температура, ылғалдық, тазалық, ауаның қозғалу жылдамдығын) реттеу жүйесі.
Ауаны ауа баптау жүйесі (АБЖ) деп аталатын техникалық құралдар жиыны арқылы баптайды. АБЖ құрамына ауаны жинақтау, дайындау құрылғылары, яғни ауаны қажетті бапқа келтіру (фильтрлер, жылу алмастырғыштар, ауаны ылғалдау немесе құрғату құрылғылары), ауаның орнын алмастыру (желдеткіштер) және оны тарату және де салқын мен жылумен қамту, автоматтандыру, қашықтан басқару және бақылау құрылғылары жатады. Әкімшілік немесе өндірістік секілді үлкен ғимараттардағы АБЖ кешенді автоматты басқару жүйесі арқылы реттеліп отырады. Автоматты ауа баптау жүйесі қоршаған ортаның ауа параметрлерінің ауытқуына (атмосфералық жағдайға) қарамастан ауаның берілген күйін бірқалыпты ұстайды.
Ауа баптау жүйесінің ауаны дайындап, оны тасымалдауға арналған негізгі құрылғылар кондиционер деп аталатын аппарат ішінде агрегатталады (бір ортақ корпуста біріктіріледі). Көп жағдайда барлық техникалық құралдар бір немесе екі блокта біріктіріледі, ондай жағдайда «АБЖ» мен «кондиционер» ұғымдары бір мағынаны білдіреді.
Ауа баптау жүйесін топтастырар алдында, негізгі схемалардың және техникалық, функционалдық сипаттамалардың көпварианттылығы (жүйенің техникалық мүмкіндіктеріне ғана емес, сонымен қатар ғимараттың ерекшелілігіне байланысты) қазіргі таңға дейін АБЖ-ның жалпыға ортақ классификациясының болмауының себебі екенін ескерген жөн.
Қазіргі таңдағы ауа баптау жүйелерінің келесі белгілер бойынша жіктелуі мүмкін:
1. Тағайындалуы бойынша:
- Қолайлы;
- Технологиялық.
2. Жүйенің түріне байланысты:
- Сплит-жүйе;
- Мультисплит жүйе;
- Мультиаймақтық жүйе;
- Чиллер-фанкойлдар;
- Орталық кондиционерлер.
3. Қондырылған салқындату көзі арқылы:
- Тәуелсіз;
- Тәуелді.
Тағайындалуы бойынша жіктелу:
Қолайлы АБЖ
Қолайлы АБЖ тұрғын үй, әлеуметтік, әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарда қолайлы санитарлы-гигиеналық талаптарға сай ауа температурасын, салыстырмалы ылғалдығын, ауаның ығысу жылдамдығы мен жиілігін автоматты түрде бірқалыпты ұстап тұруға арналған жүйе.
Технологиялық АБЖ
Технологиялық АБЖ ғимаратты максималды түрде өндірістің талаптарына сай ауа параметрлерімен қамтамасыз етуге арналған жүйе. Ішінде адамдар қызмет ететін ғимараттарды технологиялық кондиционерлеу ауа жағдайының санитарлы-гигиеналық талаптарына сай жүзеге асырылады.
Технологиялық АБЖ-не мысал ретінде прецизионалды кондиционерды келтіруге болады. Прецизионалды кондиционерлер жылуы шамадан тыс және ішінде адамдар қысқа мерзімде ғана болатын ғимараттардың температуралық параметрлерін аса дәлдікпен реттеп отыратын құрылғы.
Жүйенің түріне байланысты жіктелуі
АБЖ құрылым түріне байланысты жіктелуі мүмкін. АБЖ бір немесе бірнеше блоктардан құралуы мүмкін. Олар салқын тасымалдаушы ретінде су, гликольдік қоспа немесе фреонды қолдануы мүмкін.
Сплит-жүйе
Сплит-жүйе – екі бөліктен тұратын (ішінде фреоны бар, өзара жез құбырлар арқылы байланысқан, бір сыртқы және бір ішкі блоктан) АБЖ. Ішкі блоктар әр түрлі болып келуі мүмкін: қабырғалық, еденді-төбелік, таспалық, каналдық және консольдік.
Мультисплит-жүйе
Мультисплит-жүйе бір сыртқы блок пен бірнеше ішкі блоктан тұрады. Әдетте бір жүйеде бес ішкі блокқа дейін болады. Әр ішкі блоктың сыртқы блоктан келетін өзара бөлек трассасы болады. Бұл жүйелер фреонмен жұмыс жасайды.
Мультиаймақтық жүйе
Мультиаймақтық жүйе (VRF) немесе тоңазытқыш агенті ауыспалы түрде шығындалатын жүйе, яғни ағылшынша Variable refrigerant flow, бір сыртқы блок пен бірнеше ішкі блоктардан тұрады. Бұл жүйеде сыртқы блоктан ішкі блоктарға тек бір ғана трасса жүргізіледі. Фреон сыртқы блоктан ішкі блоктардың барлығына жеткізілу үшін трассаға тармақтағыштар, немесе басқаша айтқанда рефнеттер жалғанады. Бұл жүйе коммерциялық ғимараттардағы ауаны баптауға арналған ең ыңғайлы жүйе.
Чиллер-фанкойл жүйелері
Чиллер – әр түрлі сұйықтықты (мысалы су немесе су гликольді қоспаларды) мұздатуға арналған құрылғы. Фанкойл – ішінде су айналып жүретін әр түрлі типтегі ішкі құрылғылар, басқаша оны желдеткіш жеткізуші деп атайды. Әдетте бұндай жүйелерді көпбөлмелі өте үлкен ғимараттарды салқындату үшін орнатады.
Орталық кондиционерлер
Орталық кондиционерлер немесе ағындық қондырғылар, жоғарыдағы жүйелермен салыстырғанда, даладан келетін ауаны өңдеп, ғимарат ішіне таратады. Орталық кондиционерлердің ішіндегі ауаны өңдеуге арналған толтырмасы алуан түрлі болады. Олардың ішіне жылытқыштар, рекуператорлар, салқындатқыштар және ылғалдандырғыштар кіруі мүмкін.
Жүйенің әсер ету принципі бойынша жіктелуі
Тәуелсіз АБЖ
Тәуелсіз АБЖ толыққанды жұмыс жасауға қажетті барлық компоненттерден құралған, бір немесе бірнеше агрегаттан тұратын, түгенделген салқындату сұлбасы. Егер кондиционер бір ғана агрегаттан тұрса, оны бірблокты (моноблочный) деп атайды. Ал егер бірнеше агрегаттан тұрса, ондай кондиционерлер бөлек құрылымды немесе сплит-жүйе деп аталады. Тәуелсіз АБЖ-ге мобильді кондиционерлер, сплит-жүйелер, терезеге және төбеге орнатылатын кондиционерлер деп аталады.
Неавтономные СКВ
Түрі бойынша жіктелетін жүйелердің құрылымдары да әр түрлі болатынын ата кеткен жөн. Аталған жіктелу түрлерінен басқа сан алуан АБЖ түрлері бар. Олар арнайы технологиялық процесстерге қызмет етеді (мысалы, арнайы программа арқылы белгілі бір уақытта дәлденген метеорологиялық параметрлер арқылы ауаны өңдейтін жүйелер).